jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Ноғаев президенттің тапсырмасынан кейін Маңғыстаудағы су тапшылығы мәселесі туралы айтты

    Cу құбыры
    Ағып тұрған суық су. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бүгін үкімет отырысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев президент тапсырмасынан кейін өңірдегі су тапшылығына байланысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Жақында 2-3 күннің ішінде Мұнайлы ауданында сумен қамтамасыз ету жөнінде біраз келеңсіздіктер болды. Сорғыштың істен шығуына байланысты болды. Зауыт басшылығы, әріптестеріміздің шұғыл шараларының нәтижесінде ақау жойылып, Мұнайлы ауданына қажет деңгейде су жіберілді", - деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

    Сондай-ақ облыс әкімі "Каспий" су тұщыту зауытының алдағы жоспарлары туралы атап өтті.

    "Каспий" су тұщыту зауытында тәулігіне 20 мың текше метр су дайындайтын құрылғылар жұмыс істеп тұр. Оны 40 текше метрге дейін көтеру жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Қазір құрылыс монтаждау жұмыстарының 80 пайызы аяқталды. Негізгі жабдықтарды орналастыру жөніндегі тапсырма берілді. Бізге тамыз айында су қондырғылары келе байстады. Содан бастап монтаждау жұмыстарымен айналысамыз. Қыркүйек айының соңына дейін монтаждау жұмыстарын аяқтып, қазан айында іске қосуды жоспарлап отырмыз", - деді ол үкімет отырысында.

    Өңір басшысы толық жөндеу жұмыстары қазан айында бітетінін айтты.

    "Сіз айтып отырған 5,6 млрд теңге біз үшін қомақты көмек. Маңғыстау облысы атынан ризашылығымызды білдіреміз. Біз 20 мың текше метрді қосқаннан кейін Мұнайлы, Қарақия аудандары, Ақтау қаласының бір бөлігін қосымша сумен қамтамасыз етуге мүмкіндігіміз болады", - деді өңір басшысы.

    Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғындардың шағымына байланысты Маңғыстау облысындағы тұщы су тапшылығын қысқа мерзімде шешуді тапсырған болатын.

    Ноғаев президенттің тапсырмасынан кейін Маңғыстаудағы су тапшылығы мәселесі туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.