jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    ОСК Динара Шүкіжанованың орнына мәжілістің жаңа депутатын тіркеді

    Нұрлан Әбдіров пен Айтуар Қошмамбетов
    Нұрлан Әбдіров пен Айтуар Қошмамбетов. Фото: election.gov.kz

    Мәжіліс депутатының бос тұрған мандаты Respublica партиясының мүшесі Айтуар Қошмамбетовке берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ОСК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлады.

    12 ақпанда Нұрлан Әбдіровтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, онда мәжіліс депутаты А.А.Қошмамбетовты тіркеу туралы қаулы қабылданды.

    "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 45, 46-баптарына, 97-1-бабының 6-тармағына, 98-бабына сәйкес және "Respublica" партиясы" қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің 2024 жылғы 7 ақпандағы № 5 хаттамадан үзінді көшірмеге сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етті:

    1. Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутатының бос мандаты "Respublica" партиясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Айтуар Асқарұлы Қошмамбетовке берілсін.

    2. Айтуар Асқарұлы Қошмамбетов Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болып тіркелсін.

    3. Айтуар Асқарұлы Қошмамбетовке белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын", - делінген қаулыда

    ОСК Динара Шүкіжанованың орнына мәжілістің жаңа депутатын тіркеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.