jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ГҚ
    Гүлзат Қазанғапова
    Бұрынғы қызметкер

    "Анықтау керек": Экология министрлігі Әлия Назарбаеваның Clean City компаниясына қатысы бар-жоғы туралы айтты

    Фото
    Фото: Sputnik / Владислав Воднев

    Үкімет отырысындағы брифингте Экология министрлігінің басшысы Ерлан Нысанбаев Әлия Назарбаеваның Астанадағы қоқыс тазарту мәселесіне қатысы бар-жоғы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Журналистер министр Ерлан Нысанбаевтың бұған дейін айтқан Әлия Назарбаеваға тиесілі компания Астанадағы қоқыс бизнесіне еш қатысы жоқ деген мәлімдемесін еске салса, қала әкімі Жеңіс Қасымбек Clean City компаниясы Әлия Назарбаеваға тиесілі екенін және қалаға қызмет етуді жалғастырып жатқанын мойындаған.

    Журналистер неге министрден мұндай жалған ақпарат келді деп таңданды.

    "Бірден айтқым келеді, бұл мәселе біздің құзырымызда емес, жергілікті атқарушы органдардың құзыретінде.

    Өткен жолы берілген ақпаратқа келсек, менде басқа ақпарат жоқ. Маған бүгін Әлия Назарбаеваның бұл компанияға еш қатысы жоқ деген ақпарат берілді. Бұдан артық ештеңе айта алмаймын", - деді экология министрлігінің басшысы.

    Министр Нысанбаевтың айтуынша, бұл ақпаратты оған қарамағындағылар берген.

    "Біздің мұны анықтауымыз керек", - деп түйіндеді ол.

    Еске салайық, министр өткен жылдың қыркүйегінде Әлия Назарбаеваның компаниясы Астанада қоқыс шығарумен айналыса ма деген сұраққа жауап берген болатын.

    "Қолымда бар ақпарат бойынша, бүгінде Әлия Назарбаеваның компаниясы қоқыс шығарумен айналыспайды. Егер ақпарат болса, мен оны бөлек талқылауға дайынмын. Сіз айтқан жағдайларды ескере отырып, қайта қараймын", - деген еді министр Ерлан Нысанбаев.

    "Анықтау керек": Экология министрлігі Әлия Назарбаеваның Clean City компаниясына қатысы бар-жоғы туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.