jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    "Не істесін, асылып қалсын ба?": Перуашев бұрынғы әріптесінің ұлан-асыр тойы туралы пікірін айтты (видео)

    Раманқұловтың 50 жылдық мерейтойы
    Раманқұловтың 50 жылдық мерейтойы. Видеодн кадр: t.me/almatykrispi

    Депутат Азат Перуашев бүгін мәжіліс кулуарында желіде видеосы тарап кеткен бұрынғы әріптесі Мақсат Раманқұловтың ұлан-асыр тойы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Еске сала кетейік, осыдан бірер күн бұрын желіде "Қазақстандағы ең қымбат той" деп аталған видео тараған болатын. Telegram-дағы Kris.p.media арнасының мәліметінше, салтанатты шара кәсіпкер әрі экс-депутат Мақсат Раманқұловтың 50 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылғаны белгілі болды.

    Тойда автокөлік, пәтер, саяхатқа жолдама сияқты бағалы сыйлықтар ойнатылып, танымал әртістер де өнер көрсетті.

    Журналистер Азат Перуашевтан "әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан салтанатты тойдың видеосын көрдіңіз бе" деп сұрады.

    "Сұрақты өзіне қою керек (Раманқұловқа – ред. ескертпесі). Ол туған күніне біздің әріптестерімізді шақырды. Бірақ туған күнге барсаң, онда не дайындап жатқанын қайдан білесің? Бұл — бірінші. Екінші, Мақсат Раманқұлов – салмақты кәсіпкер. Жақында ғана тұрғын үйлермен қоса 20-дан астам түрлі нысан салды.

    Мына қызықты тыңдаңызшы. Біз оның көмек жинап, Петропавлға жеңіл көліктер мен жүк көліктерін жібергені туралы видео жариялаған болатынбыз. Бірақ бұл туралы ешкім ештеңе көрсетпеді. Оның туған күнін қалай атап өткенін бәрі талқылап жатыр", - деді депутат.

    Перуашев БАҚ өкілдеріне Раманқұловтың халыққа қалай көмек көрсеткені түсірілген видеоны таратуға кеңес берді.

    "Енді ол не істесін, асылып қалсын ба? Не деген ақымақтық", - деді ол.

    "Не істесін, асылып қалсын ба?": Перуашев бұрынғы әріптесінің ұлан-асыр тойы туралы пікірін айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.