jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы Мәжіліс депутаты, "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ұлттық құрылтай мүшесі Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

    Қасым-Жомарт Тоқаевқа "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде мәлімет берілді.

    Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, қазір 2 жоба жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, "Дәнекер" бастамасы қолға алынған. Оның нәтижесінде кейінгі 4 жылда 6896 даудың 4563-інде тараптар істі сотқа жеткізбей келісімге келген. Ал мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған "Іскерлік және жанашырлық" жобасы қазір Атырау, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында іске асырылуда.

    Бұдан бөлек, президентке ардагерлердің "Қоғамдық бақылау туралы" Заңды жүзеге асыруға белсенді атсалысып жатқаны жөнінде баяндалды. Олар су тасқынымен күрес кезінде халықты сабырға шақырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Кездесуде мемлекет басшысына мұнай-газ, ауыл шаруашылығы салаларына, өңірлерде азық-түлік бағасын тұрақтандыруға және дін мәселесіне қатысты ұсыныстар берілді.

    Тоқаев Бақтықожа Ізмұхамбетовті қабылдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.