jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ҚТ
    Қаламқас Төре
    Бұрынғы қызметкер

    Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

    Әскер. Көрнекі фото
    Әскер. Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Президенттің 2024 жылғы 1 ақпандағы жарлығына сәйкес елімізде күзгі әскерге шақыру басталып, желтоқсан айының соңына дейін жалғасады. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің Telegram-дағы арнасында хабарланды.

    Күзгі әскерге шақыру науқаны барысында Қазақстан армиясының қатары 20 мыңнан астам сарбазбен толығады. Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға негіздері жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі азаматтар шақырылады.

    Күзгі шақыру барысында:

    • Қарулы күштердің,
    • ІІМ Ұлттық ұланының,
    • ҰҚК Шекара қызметінің,
    • ТЖМ және Мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшелері жасақталатын болады.

    Биылғы жылы сарбаздарға арналған артықшылықтар заң жүзінде бекітілді.

    Оларға қызмет ету кезеңінде және әскерден босатылғаннан кейін екі ай уақытқа несиелік демалыс беріледі. Бүгінгі таңда 6 мыңнан астам әскери қызметшінің 1 млрд 828 млн теңге сомасындағы төлемдері кейінге шегерілді.

    Отан алдындағы борышын өтеген азаматтарға студенттік жатақханадан орын беру жеңілдіктері де қарастырылған.

    Бүгінгі таңда әскерде қызмет еткен мың жарымнан астам азамат жоғары оқу орындарына тегін, ал ақылы түрде 700-ден астамы оқуға түсті.

    Осы жылдың көктемінде запасқа шығарылған 400-ден астам әскери қызметші келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасты.

    Елімізде күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.