RU
Саясат
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Қазақстанда кассациялық соттар қашан жұмысын бастайтыны белгілі болды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев, Дмитрий Малахов
Қасым-Жомарт Тоқаев, Дмитрий Малахов. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малаховты қабылдады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ақорданың Telegram-дағы ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, кездесуде Жоғары сот кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру мәселелері, атап айтқанда сот корпусын нығайтуға және жаңартуға, Сот төрелігі академиясын дамытуға, сондай-ақ судьялардың тәртіптік жауапкершілігін күшейтуге бағытталған шаралар талқыланды.

Дмитрий Малахов Сот кеңесінің рөлі күшейіп, судьяларға қатысты кадрлық мәселенің барлығы құзыретіне өткендіктен, бизнес-процестер мен конкурстық іріктеулерді цифрландыру мәселесі күн тәртібінде тұрғанын жеткізді.

Президентке кассациялық соттар келесі жылдың 1 шілдесінен жұмысын бастайтыны туралы баяндалды. Оған дейін Кеңес судьяларды іріктеп, сот құрамын жасақтайды.

Мемлекет басшысы бірқатар нақты міндет жүктеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2165383-toqaev-zhogary-sot-kengesining-toragasyn-qabyldady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif