jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Премьер-министр Олжас Бектенов референдумда дауыс берді (видео)

    Олжас Бектенов
    Олжас Бектенов. Видеодан кадр: NUR.KZ

    Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов атом электр станциясының құрылысына қатысты референдумда дауыс берді. Ол No61 сайлау учаскесіне келген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Атом электр стансасын салу жөніндегі референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берген жоғары лауазымды шенеунік – Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов.

    Ол әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан No61 дауыс беру учаскесінде дауыс берді.

    Бүгін, 2024 жылғы 6 қазанда Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша республикалық референдум басталды. Оған 18 жасқа толған ел азаматтары қатыса алады.

    Республикалық референдумда қазақстандықтар елге атом электр станциясы (АЭС) қажет пе, жоқ па деген шешімді қабылдауы керек.

    Референдумға ұсынылған сұрақ: "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" Қазақстандықтар екі жауаптың бірін таңдай алады: "иә" немесе "жоқ", осы таңдауының біріне белгі қою қажет.

    Дауыс беру таңғы 7:00-ден кешкі 20:00-ге дейін өтеді. Кейбір сайлау учаскелері бір сағат бұрын жұмысын бастайды. Бұған дейін комиссия төрағасының орынбасары Константин Петров түсіндіргендей, таңғы 6-да дауыс беру 84 учаскеде басталады – бұл негізінен әскери бөлімдер және кейбір вахталық елді мекендер.

    12 сағат ішінде дауыстарды санау жүргізіледі. Аймақтарда дауыс беру қорытындысының жиынтық хаттамаларын Орталық референдум комиссиясына жинап, жеткізуге 2 күн уақыт беріледі. Орталық комиссия 7 күн ішінде референдумның нәтижелерін анықтап, ресми мәлімдемені БАҚ-та жариялауға тиіс.

    Премьер-министр Олжас Бектенов референдумда дауыс берді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.