Тоқаев АЭС құрылысы бойынша референдумда дауыс берді
Опубликовано:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумға қатысып, дауыс берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды
Президент орталығында орналасқан №211 референдум учаскесіне барып, АЭС құрылысына қатысты республикалық референдумда дауыс берді.
Мемлекет басшысы өз таңдауын жасағаннан кейін отандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін брифинг өткізді. Президент, ең алдымен, референдум туралы пікір білдіріп, одан қандай нәтиже күтетінін айтты.
"Бүгін – тарихи күн. Халқымыз АЭС салу мәселесіне қатысты дауыс беріп жатыр. Референдум – тікелей демократияның өте тиімді тетігі. Халқымыз қандай шешім қабылдаса, мемлекетіміздің түпкі байламы да солай болады. Нәтиже оң болады деп ойлаймын. Шын мәнінде, бұл – тағдыршешті оқиға. Сондықтан мен референдумды қолдаймын", – деді Тоқаев.
Еске сала кетейік, бүгін Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдум өтіп жатыр. Референдумда қазақстандықтар елімізге атом электр станциялары қажет немесе қажет емес екенін шешу керек. Дауыс беру таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов пен Алматы әкімі Ерболат Досаев референдумда дауыс бергенін хабарлаған болатынбыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2170344-toqaev-aes-qurylysy-boiynsha-referendumda-dauys-berdi/