jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ардақ Құлтай
    Ардақ Құлтай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум: exit poll нәтижелері шықты

    Дауыс беру жәшігі
    Дауыс беру жәшігі. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    ОКҚ брифингінде "Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана" қорының сарапшысы АЭС бойынша референдумның exit poll деректерін ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қор сарапшысы Әлібек Тәжібаевтың айтуынша, дауыс берген қазақстандықтардан олар референдумда қалай дауыс бергені сұралған – Қазақстанда АЭС салуға келісесіз бе, жоқ па.

    "Экзитпол әдісі бойынша алдын ала есептеу нәтижелері. АЭС-ті қолдап дауыс бергенін 69,8 пайыз респондент мәлімдеді. АЭС салуға қарсы екенін айтқан қатысушылардың үлесі – 30,2 пайыз. Қатысу көрсеткіші 67,3 пайыз деңгейінде тіркелді", - деді сарапшы.

    Спикердің айтуынша, үздіксіз ағым әдісі арқылы Қазақстандағы 189 учаскеде 283 519 дауыс берген азаматтан сауалнама алынған.

    Exit pll нәтижесі
    Exit pll нәтижесі. Фото: YouTube/ОРТАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯЛАР ҚЫЗМЕТІ

    ОКҚ сайтындағы мәлімет бойынша, Қоғамдық саясат институтының екінші экзитполының мәліметтері бойынша, сауалнамаға қатысқан қазақстандықтардың 72,3 пайызы АЭС салуды қолдап дауыс берген, ал 27,7 пайызы АЭС-ке қарсы болған. Сауалнамаға 44 160 адам қатысқан.

    Exit poll нәтижесі
    Exit poll нәтижесі. Инфографика: 24.kz

    Еуразиялық интеграция институты жүргізген сауалнамаларының да нәтижесі жарияланды. Бұл институттың зерттеуі ZAKON.KZ ақпараттық платформасының тапсырысы бойынша жүргізілген. Оған сәйкес, халықтың 69,8 пайызы АЭС салуды қолдаған, 30,2 пайызы қарсы шыққан.

    Айта кетейік, Exit poll – сайлау немесе референдум өткен күні дауыс берген азаматтардан сайлау учаскелерінен шыққан кезде олар қалай дауыс бергенін сұрау арқылы жүргізілетін сауалнама. Бұл әдіс сайлау немесе референдум нәтижелерін алдын ала болжау үшін қолданылады. Exit poll нәтижелері нақты ресми қорытындыларға дейін жарияланып, халықтың таңдауы туралы алдын ала мәлімет береді.

    Бұған дейін Орталық референдум комиссиясы атом электр станциясының (АЭС) құрылысы бойынша референдумда дауыс берушілердің келуінің алдын ала қорытындыларын жариялады. Сағат 20.00-дегі жағдай бойынша 7 820 918 қазақстандық немесе халықтың 63,87 пайызы дауыс берген.

    Еске салайық, сағат 20:00-де АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумда дауыс беру аяқталды. Қазақстанда уақыт белдеуінің ауысуына байланысты сайлау учаскелері алғаш рет бір уақытта жабылды. Референдумға ұсынылған сұрақ: "Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?" Қазақстандықтар "иә" немесе "жоқ" деген жауапты таңдады.

    Қазақстанда АЭС салу бойынша референдум: exit poll нәтижелері шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.