jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Алматы маңында жер сілкінісі болған жағдайда бас сауғалайтын база құрылады

    Ақ шатырлар
    Шатырлы қалашық. Көрнекі фото: pixabay.com

    Мәжіліс отырысында төтенше жағдайлар министрлігінің басшысы Шыңғыс Әрінов жер сілкінісі бола қалса, Алматы маңында бас сауғалайтын шатырлы қалашық құру жоспарланып отырғанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Алатау" базасының ерекшелігі Түрксіб ауданында опырылмаған, жарылмаған шоқыда 173 га ашық жерде орналасқан. Ол маңда кірме жолдар, маңайында темір жол бар. Ол жақта жаттығулар өткіземіз. Шатыр жеткілікті.

    Сонымен қатар мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің номенклатурасында міндетті түрде шатырлар, төсек-орындар, рюкзактар қарастырамыз.

    Біз осылай топшылап отырмыз, әзірге бұл мәселе шешілген жоқ, бірақ біз әрбір зардап шегушіні жылы киімнен бастап барлық қорғаныс құралымен қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жүргізіп жатырмыз. Әр 10 адамға медициналық жиынтық болады.

    Алғашқы медициналық көмек көрсете алатын дәрігерлер болады деп ойлап отырмыз. Онда шатырлар, ұйықтайтын қаптар, құрал-жабдықтар, үш күндік азық-түлік болады", - деді министр Әрінов.

    Ол тығыз орналасқан жағдайда лагерьге 50 мың адам сыятынын айтты.

    "Біз миллион деген санға (адам сыйымдылығы – ред. ескертпесі) келе жатырмыз – мұндай базаларды тек Алматы маңында ғана құрып қана қоймай, әрбір қаланың жанынан осындай қауіпсіз жер іздестіріп жатырмыз", - деді министрлік басшысы.

    Алматы маңында жер сілкінісі болған жағдайда бас сауғалайтын база құрылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.