jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Талғат Дүйсенбек
    Талғат Дүйсенбек
    Бұрынғы қызметкер

    Перизат Қайрат ісі: Ақтөбе облысының әкіміне қайырымдылық қорлары туралы сұрақ қойылды

    Перизат Қайрат
    Перизат Қайрат: instagram.com/01pk

    Астанада жыл қорытындысына арналған брифингте Ақтөбе облысының әкіміне Biz Birgemiz қорының басшысы ұсталғаннан кейін, өңірде қайырымдылық қорларын қаншалықты жиі тексеріп жатқаны туралы сауал қойылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Biz Birgemiz біргеміз қорының басшысы Перизат Қайрат Ақтөбе облысында туған. Сол себепті журналистер өңір әкіміне қайырымдылық қорларын тексеру мәселесі туралы сауал қойды.

    "Бізде бір қайырымдылық қоры ашылған. Оны облысқа танымал өзіміздің қоғам белсенділері басқарады. Барлық жұмысты солар атқарған. Әлбетте, қызметтер мониторинг жүргізген, бізде әрбір әрекет бақылауға алынған. Тексеру жалғаса береді деп есептеймін, өйткені әрбір тиын діттеген мақсатына жетуге тиіс. Өңірге келген әрбір көмек есепке алынып, олардың әрқайсының мақсаты болған", - деп хабарлады Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров.

    Облыс басшысынан жергілікті қорларға түскен қаражаттың мақсатына сай жұмсалғанына кепілдік бере аласыз ба деп сұралған.

    "Алғашқы күннен бастап түскен көмекті есептеу жүйесі – жинақ орталығы құрылған. Біз оған бейнебақылау камерасын, есептеу жүйесін орнаттық. Қоғам белсенділері сол маңда жүріп, көмек тарату барысын бақылады. Біреу жиһаз, біреу азық-түлік, құрал-жабдық, қайықтар, су сорғыштар берді. Адамдар қолынан келгенше көмектесті. Есептеу жүйесі болды, біз соған жауап береміз", - деп жауап берді әкім.

    Естеріңізге сала кетейік, бүгін Перизат Қайратқа тиесілі жылжымайтын мүліктер, автокөліктер, зергерлік бұйымдары бұғатталғаны мәлім болған.

    Biz Birgemiz қайырымдылық қорының басшысы Перизат Қайрат 1,5 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталғаны биыл 14 қарашада хабарланған.

    Перизат Қайрат ісі: Ақтөбе облысының әкіміне қайырымдылық қорлары туралы сұрақ қойылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.