Қостанай облысының әкімі қандай көлікпен жүретінін айтты
Опубликовано:
Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов қызмет бабында қандай көлікпен қатынайтынын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Орталық коуммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистердің бірі Құмар Ақсақаловтан қызмет барысында қандай көлікпен жүретінін сұрады. Өңір басшысы елді мекендерді аралауға жергілікті зауыт шығаратын көліктерді пайдаланатынын айтты.
"Мен өзіміздің шығарған көліктерді пайдаланамын. Слндай-ақ аудан әкімдері де, облыстық басқармалар басшылары да осы зауыттардан шығатын көліктермен жүр. Kia K9 маркалы көлікті мініп жүрмін. Сонымен қатар "Chevrolet" маркалы көлікті де пайдаланамыз. Ол да Қостанайда шығарылған", - деп жауап берді Құмар Ақсақалов.
Айта кетейік, қазан айында Қазақстанда сатып алынған отандық жаңа жеңіл автокөліктердің орташа құны шамамен 35 пайызға өсті. Бұл өсім автомобиль нарығының жалпы ассортиментіне емес, сатып алынған автокөліктерге қатысты екенін ескеру керек.
Сонымен қатар Құмар Ақсақалов Қостанай облысында "Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясының" жұмысшылары неге бір жылға жуық жалақысыз отырғанына түсінік берді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2203764-qostanai-oblysynyng-akimi-qandai-kolikpen-zhuretinin-aitty/