jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Алматы әуежайында кепілге алынған қызды құтқарған азаматты наградаға ұсынуды тапсырды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Telegram/aqorda_resmi

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы әуежайында адамды кепілге алу жағдайы жөнінде хабардар. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Президент қылмыскердің суық қаруын тартып алып, ұстауға көмектескен ер адамның батылдығын ерекше атап өтіп, аталған азаматты мемлекеттік наградаға ұсынуды тапсырды", - делінген хабарламада.

    Еске салсақ, әлеуметтік желіде қолына пышақ ұстаған ер адамның жерде отырған қызды шашынан ұстап, қорқытып жатқан видеосы тараған еді.

    Оқиға бүгін, 7 наурызда Алматы әуежайының ұшу алдындағы тексеру аймағында болған.

    "Ер адамды әуежай аумағындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері мен авиациялық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері ұстады. Қазіргі уақытта ер адам желілік полиция бөлімінде және бұл оқиғамен қорғау органдарының қызметкерлері айналысып жатыр", - деп хабардар етті әуежайдың баспасөз қызметіндегілер.

    Тоқаев Алматы әуежайында кепілге алынған қызды құтқарған азаматты наградаға ұсынуды тапсырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.