RU
Саясат
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Тоқаев қазақстандықтарды Амал күнімен құттықтады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Амал күніне орай құттықтау жолдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Құрметті отандастар!

Сіздерді әз-Наурыздың бастауы – Амал күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Амал келгенде амандық білісу – көне заманнан жалғасқан айрықша дәстүріміз.

Қыстан шығып, шуақты көктемге аман жеткен ағайын осы күні бір-бірімен көріседі. Жастар үлкендерге сәлем беріп, қариялардың батасын алады. Халқымыз ежелден осындай ғұрыптар арқылы бауырмалдық пен жанашырлықты, татулық пен мейірімділікті дәріптеп, ұрпақтың бойына асыл қасиеттерді сіңіре білген. Мұның бәрі қазіргі Қазақстанның Адал азамат тұжырымдамасымен толық үндеседі.

Бүгінде Наурыз мейрамы алдындағы көрісу ғұрпы қайта жаңғырып, жалпыұлттық сипат ала бастады. Осы бірегей дәстүріміз еліміздің ырысты ынтымағы мен берекелі бірлігін нығайта түседі деп сенемін.

Әр шаңырақ шаттық пен қуанышқа кенелсін!

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Айдан аман, жылдан есен болайық!", - делінген құттықтауда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2227904-toqaev-qazaqstandyqtardy-amal-kunimen-quttyqtady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif