RU
Саясат
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Қазақстанда Атом энергиясы жөніндегі агенттік құрылды: Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" жарлыққа қол қойды. Жарлыққа сәйкес елімізде Атом энергиясы жөніндегі агенттігі құрылды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің уран өндіру бөлігінде жер қойнауын пайдалану, атом энергиясын пайдалану, халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Семей ядролық қауіпсіздік аймағын құру және оның жұмыс істеуі салаларындағы функцияларын және өкілеттіктерін бере отырып, Қазақстан Республикасының президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) құрылсын.

Агенттік берілетін функциялар мен өкілеттіктер шегінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалсын", - делінген президент жарлығында.

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Жарлықтың толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Айта кетейік, жуырда Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев президент жанындағы Ядролық энергетика агенттігін құру туралы шешім қабылдағанын жеткізген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2229050-qazaqstanda-atom-energiiasy-zhonindegi-agenttik-quryldy-toqaev-tiisti-zharlyqqa-qol-qoidy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif