Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын шақырды
Жарияланған күні:

Президент өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясы шақырылды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІV сессиясын шақырды. Cессия 2025 жылғы 23-24 сәуір күндері Астана қаласында өтеді", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, былтыр дәл осы уақытта мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойған еді.
Кейін президент еліміздің бірқатар өңірінде су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады. Шараға Ассамблеяның аймақтардағы мүшелері онлайн режимде қатысты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2229573-toqaev-qazaqstan-halqy-assambleiasynyng-kezekti-xxhiv-sessiiasyn-shaqyrdy/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде