RU
Саясат
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Тоқаев АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшесін қабылдады

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кэрол Миллер
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кэрол Миллер. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы АҚШ Конгресі Өкілдер палатасының мүшесі Кэрол Миллерді қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл кездесудің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беру тұрғысынан маңызы зор екеніне назар аударған.

Президенттің айтуынша, тәуелсіздік алған сәттен бастап АҚШ Қазақстанның сенімді серіктесі саналады.

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлік және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ядролық қаруды таратпау секілді негізгі салалардағы, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық ықпалдастықтағы бірлескен табыстарды атап өткен. Мемлекет басшысының айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты түрде өсіп, 4 миллиард доллардан асқан.

Кэрол Миллер сый-құрмет көрсеткені үшін Қазақстан президентіне алғыс айтып, АҚШ-тың нәтижелі диалогты жалғастыруға мүдделі екенін жеткізген.

Әңгімелесу барысында екіжақты қарым-қатынастың негізгі мәселелері талқыланған. Әсіресе, энергетикалық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні дамытуға, сондай-ақ мемлекеттер арасындағы көлік-логистика байланыстарын кеңейтуге айрықша мән берілген.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Кэрол Миллер өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2229672-memleket-basshysy-aqsh-kongresining-okilder-palatasynyng-mushesi-kerol-millerdi-qabyldady/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif