Тоқаев кәсіпкер Александр Машкевичтің туыстарына көңіл айтты
Жарияланған күні:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кәсіпкер Александр Машкевичтің жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Александр Машкевичтің қайтыс болуына байланысты марқұмның жақын-жуықтарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы жеделхатта оның Қазақстан өнеркәсібін дамытуға сіңірген еңбегін атап өтті", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, 22 наурызда Eurasian Resources Group (ERG) пен Еуразиялық банк акционері Александр Машкевич қайтыс болды. Танымал кәсіпкер 72 жасында дүниеден өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2230182-toqaev-kasipker-aleksandr-mashkevichting-tuystaryna-kongil-aitty/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде