RU
Саясат
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Тоқаев Алматыда Мирзиеевпен бейресми кездесу өткізеді

Жарияланған күні:

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев. Фото: Ақорда

29 наурызда Алматыда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің бейресми кездесуі өтеді, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорданың хабарлауынша, мемлекеттер басшылары келіссөз барысында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібін талқылауды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек президенттер қаладағы бірқатар нысанды аралап, жасанды интеллектіге арналған көрмені тамашалайды.

Еске салсақ, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев жақында телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында президенттер бір-бірін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, бауырлас халықтарға бақ-береке тілеген.

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге ниетті екендерін растаған. Сондай-ақ алдағы уақытқа жоспарланған кездесулер кестесін талқылаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2231324-toqaev-almatyda-mirziioevpen-beiresmi-kezdesu-otkizedi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif