jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылды

    Сәтжан Аблалиев
    Сәтжан Аблалиев. Фото: primeminister.kz

    Желіде Сәтжан Аблалиевтің көлік вице-министрі қызметінен босатылғаны туралы ақпарат тарады. Үкіметтің баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің сайтындағы "Құрылым" бөлімінде де Сәтжан Аблалиев туралы ақпарат жоқ.

    Ал бірер күн бұрын Ұлттық қауіпсіздік комитеті көлік вице-министрінің ұсталғаны туралы хабарлағанын жазған едік. Ол сыбайлас жемқорлық бойынша күдікке ілінген. Алайда ұсталған адамның аты-жөні жарияланбады.

    Еске сала кетейік, Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметіне 2023 жылы 6 қазанда тағайындалған.

    Ол 1970 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Алматы автомобиль-жол институтын және Қазақ қатынас жолдары университетін бітірген. Еңбек жолын 1987 жылы Оңтүстік Ембі мұнай барлау экспедициясында Орталық инженерлік-техникалық қызметінің операторы болып бастаған.

    1996 жылдан 2004 жылға дейін Қазақ көлік және коммуникация академиясында жұмыс істеген. Ұзақ жыл бойы Көлік және коммуникация, Инвестициялар және даму, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерінің құрылымында қызмет атқарған. Көлік вице-министрі қызметіне тағайындалғанға дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған.

    Сәтжан Аблалиев көлік вице-министрі қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.