Тоқаев Қырғызстанға барды: оны әуежайда қалай қарсы алды (фото)
Опубликовано:
Читать на русском
Қырғызстанға ресми сапармен барған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты әуежайда ел басшысы Садыр Жапаров күтіп алды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысын Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан gрезиденті Садыр Жапаров қарсы алды.
"Ертең президенттер келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады", - делінген Ақорда хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапармен барғаны туралы жазған болатынбыз.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2277769-toqaev-qyrgyzstanga-bardy-ony-auezhaida-qalai-qarsy-aldy-foto/