"Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл" мерейтойлық медалі бекітілді
Опубликовано:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен "Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл" мерейтойлық медалі бекітілді, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Аталған медальмен Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуге, ел тәуелсіздігін нығайтуға, қоғамда келісім мен тұрақтылықты сақтауға, азаматтардың конституциялық құқығын және еркіндігін қорғауға, конституционализм идеяларын, сондай-ақ қағидаттарын қалыптастыруға әрі дамытуға ерекше үлес қосқан тұлғалар наградталады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар мерейтойлық медаль жұмысшы мамандарға, бюджет саласы мен өндіріс ұйымдарының өкілдеріне және басқа да азаматтарға беріледі.
"Бұл медальға ие болу азаматтардың адал еңбегі мен Отан, мемлекет және қоғам алдындағы ерекше қызметін танудың маңызын көрсетеді", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Конституцияның 30 жылдығына орай бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттаған еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2280588-toqaevtyng-zharlygymen-qazaqstan-respublikasynyng-konstitutsiiasyna-30-zhyl-mereitoilyq-medali-bekitildi/