jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда президент және әкім лауазымына үміткерлерге қойылатын талап күшейтілмек

    Бюллетень салып жатқан ер адам
    Сайдауда дауыс берген ер адам. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Мәжіліс депутаттары "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын ілеспе түзетулерімен жұмысқа алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мәжіліс депутаты Снежанна Имашеваның айтуынша, заң жобалары президенттің сайлау жүйесін жетілдіру жөніндегі тапсырмасына сәйкес үкіметтің заңнамалық жұмыс жоспарына сәйкес әзірленген.

    Депутат атап өткендей, конституциялық заң жобасының негізгі мақсаттары:

    • Мәжiлiс депутаттығына бiр кандидатты бiрнеше сайлау округi бойынша ұсынуға тыйым салу;
    • Бір адамның кандидатурасын мәжілістің бір мандатты округтерінде де, мәслихаттардың бір мандатты округтерінде де бір мезгілде ұсынуға тыйым салу;
    • әкім лауазымына кандидаттың сайлау қорын құру.

    Сондай-ақ президенттікке, депутаттыққа, әкім лауазымына, сайлау комиссияларының мүшелеріне үміткерлерге ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін соттылығының болмауы туралы талаптарды күшейту ұсынылды.

    Ілеспе заң жобалары сайлау өткізу рәсімдерін жетілдіруге, сондай-ақ сайлау заңнамасының нормаларын сақтамағандар үшін әкімшілік жауапкершілікті енгізуге бағытталған деп қорытындылады сөзін Снежанна Имашева.

    Қазақстанда президент және әкім лауазымына үміткерлерге қойылатын талап күшейтілмек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.