jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы: Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

    Парламент ғимараты
    Парламент ғимараты. Фото: Parlam.kz

    Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Бұл туралы төменгі палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2025 жылғы 8 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын", - деп жазылған өкім мәтінінде.

    Айта кетейік, 8 қыркүйекте осы парламент палаталарының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын жариялайды.

    Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиынға сенат пен мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.

    Мемлекет басшысының жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

    Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы: Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.