Қазақстанда жаңа министрлік құрылады
Опубликовано:
Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу арқылы экономиканы жаңғырту қажет.
"Ол үшін, ең алдымен, Цифрлық кодексті тезірек қабылдаған жөн. Бұл заңда цифрландыру үдерісінің негізгі бағыттары, соның ішінде жасанды интеллект, платформалық экономика, үлкен дерекқорларды пайдалану және басқа да мәселелер айқындалуға тиіс.
Жаңа технологиялық қалыптың ажырамас бөлігіне айналу үшін бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып, оның азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз ету, сондай-ақ, ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттыру керек.
Сондықтан қазіргі құзырлы министрліктің негізінде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін құру қажет деп санаймын. Жаңа министрлікті премьер-министрдің орынбасары деңгейіндегі маман басқаруы керек", - деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет екенін атап өтті.
"Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек", - деді мемлекет басшысы.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2283579-ministrlikti-premer-orynbasary-denggeiindegi-maman-basqaruy-kerek-qazaqstanda-zhanga-ministrlik-qurylady/