jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Сенат таратылса, президенттікке кім үміткер болады: депутат жауап берді

    Қазақстан туы
    Қазақстан туы. Фото: Maksim Konstantinov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

    Парламент кулуарында журналистер депутат Айдос Сарымнан сенат таратылса, форс-мажор жағдайында елдегі президенттікке үміткер кім болатыны туралы сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Елімізде президент лауазымына сенат төрағасы үміткер болады. Тілшілер депутаттан егер президент лауазымынан бас тартса, мерзімінен бұрын босатылса немесе қайтыс болса, Қазақстанда президентті тағайындаудың қандай тәртібі белгіленетінін сұрады.

    Депутат Айдос Сарымның айтуынша, Қазақстан парламенті бір палатамен де, қос палатамен де президенттік-парламенттік республика болып қала береді.

    Оның пікірінше, сенат парламент палатасы ретінде таратылғаннан кейін мәжіліс төрағасы авоматты түрде президенттікке үміткер болады.

    "Президенттің өкілеттігі тоқтаса, мәжіліс спикері (жұмысқа кіріседі - редактордың ескертпесі) сияқты. Біз қазір сайлау туралы, партиялар туралы заң бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Президент туралы заңға да байыппен қарау керек деп ойлаймын. Бұл жерде абсолютті бекітілген тәртіп болуы керек", - деп есептейді депутат.

    Ол АҚШ-ты мысалға келтіріп өтті. Оның айтуынша, АҚШ-та форс-мажор жағдайында биліктің төменгі сатыдағы ондаған шенеунікке өту ықтималдығы жазылған.

    "Менің ойымша, ол елде 28-ші шенеунікке дейін жазылған: егер сенат спикері бас тартса, келесісі, ол бас тартса, премьер-министрдің орынбасарларына немесе министрлерге дейін өтеді. Менің ойымша, болашақта оқиғаның қалай болатынын, жағдайдың қалай өрбитінін білмейміз, сондықтан бұның ретін мүмкіндігінше жазып алу маңызды.

    Әскерилердің бұл ретте сұрағы көп емес, өйткені оларда конверт деп аталатын нәрсе бар - бір жағдай туындаса, белгілі бір конверт ашылады, ал онда сізге не істеу керектігі жазылған. Осы реттіліктің барлығын жазған сайын келешекте проблемалар азаяды", - дейді Айдос Сарым.

    Айта кетейік, биылғы жолдауда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда бір палаталы парламент құру туралы бастама көтерді.

    Сенат таратылса, президенттікке кім үміткер болады: депутат жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.