jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Цифрлық даму министрі жаңа министрліктің қашан және қалай құрылатынын айтты

    Компьютер алдында отырған роботтар
    Жасанды интеллект. Көрнекі фото: pixabay.com

    Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев үкімет отырысында президент жолдауында айтылған Жасанды интеллект министрлігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Мәдиев жаңа ведомство Цифрлық даму және аэроғарыш министрлігі негізінде құрылатынын атап өтті.

    "Инновациялық саясат жөніндегі функциялар Ғылым және жоғары білім министрлігіне беріледі. Қаулы жобасы әзірленіп, мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр", - деді ол.

    Министр сонымен қатар парламент мәжілісі Цифрлық кодексті жұмысқа қабылдағанын атап өтті. Ол мәжіліс жанынан құрылған Құзырет орталығының базасында пысықталып жатыр.

    Еске сала кетейік, Қазақстанда Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылады. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында айтты.

    Цифрлық даму министрі жаңа министрліктің қашан және қалай құрылатынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.