jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Тоқаев Израильдің Қатар астанасына жасаған соққысын айыптады

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    "Қандай мақсатты көздесе де, мұндай әрекетке жол беруге болмайды. Бұл Қатар мемлекетінің егемендік құқығын бұзады және халықаралық құқық қағидаттарына қайшы келеді", - делінген ресми хабарламада.

    Айта кетейік, бүгін, 9 қыркүйекте Израиль әскері Қатар астанасы Дохада болған ХАМАС-тың жоғары лауазымды өкілдеріне соққы жасады. Қатарлық СІМ ЦАХАЛ-дың қатаң әрекетін айыптады.

    "Бұл қылмыстық шабуыл барлық халықаралық заңдар мен ережелерді өрескел бұзу болып табылады. Бұл жағдай Қатар тұрғындарының қауіпсіздігіне үлкен қауіп төндіріп отыр. Қатар елі бұл шабуылды айыптап, Израильдің миға қонымсыз әрекеттеріне, өңірлік қауіпсіздікке араласуына көз жұма қарамайтынын мәлімдейді", - деді Қатардың СІМ өкілдері.

    Тоқаев Израильдің Қатар астанасына жасаған соққысын айыптады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.