jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды

    жасанды интеллект
    Жасанды интеллект: pexels.com

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы қаулыға қол қойды. Оған сәйкес, елімізде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды, деп Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қаулыға сәйкес, инновациялық қызмет саласындағы функциялар мен өкілеттіктер Ғылым және жоғары білім министрлігіне бере отырып, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі болып қайта құрылды.

    Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі берілетін функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құқықтары мен міндеттерінің құқықтық мирасқоры болып айқындалды.

    Үкіметке мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың штат санын қайта бөлу мен жарлықты іске асыру бойынша өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз ету тапсырылды.

    Жарлықтың орындалуын бақылау президенттің әкімшілігіне жүктелді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Қазақстанда жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.