Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында сөз сөйлейді
Опубликовано:
Ертең, 23 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-мерейтойлық сессиясының жалпы дебатының ашылу шарасына қатысады. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Президент баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 80-мерейтойлық сессияның пленарлық отырысын БҰҰ Бас Ассамблеясының төрағасы Анналена Бербок ашады.
"Қасым-Жомарт Тоқаев шамамен Нью-Йорк уақыты бойынша сағат 13:00-ден 14:00 аралығында (Астана уақыты бойынша 22:00-23:00) сөз алады деп жоспарланған", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Қазақстан президенті ТМД елдері көшбасшылары арасында бірінші болып сөз сөйлейді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2289144-toqaev-buu-bas-assambleiasynyng-mereitoilyq-sessiiasynda-soz-soileidi/