jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тамара Дүйсенова Тоқаевтың көмекшісі қызметінен босатылды

    Тамара Дүйсенова
    Тамара Дүйсенова. Фото: gov.kz

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамара Дүйсенова мен Ернар Баспаевты қызметтерінен босатты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысының жарлығымен Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі қызметінен босатылды.

    Үкіметтің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Тамара Дүйсенова 1965 жылы Түркістан облысы Ленинское ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген.

    1988 жылдан 2022 жылға дейін әр уақытта мұғалім, Шымкент қаласы және ауданы әкімінің орынбасары, Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметтерін атқарған.

    Тамара Дүйсенова 2022 жылғы 11 сәуірден бастап Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды. 2023 жылғы 8 маусымда ол Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.

    2023 жылғы 2 қыркүйекте Дүйсенова Қазақстан премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды. Былтыр 6 ақпанда Тамара Дүйсенова өз қызметінде қалғаны белгілі болды. Ал 2025 жылғы ақпанда ол Қазақстан президентінің көмекшісі болып тағайындалды.

    Ернар Баспаев
    Ернар Баспаев. Фото: akorda.kz

    Сонымен қатар президент өкімімен Ернар Баспаев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды.

    Баспаев бұл қызметке 2022 жылғы сәуіде тағайындалған. Ақорда мәліметінше, Ернар Баспаев 1979 жылы туған.

    Қазақ мемлекеттік заң академиясын, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

    Мамандығы — заңгер, экономика және бизнес бакалавры, іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі бар. Еңбек жолын 2001 жылы Қазақстан Әділет министрлігі Авторлық құқық комитетінде жетекші маман болып бастаған.

    2002-2006 жылдары Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитетінің халықты тіркеу жұмысын ұйымдастыру басқармасы бас маманы және бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

    2006-2010 жылдары - Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитеті басқармасының меңгерушісі болды. Жоғарғы Сот аппаратында сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін де атқарған.

    2010 жылы Атырау облысы бойынша Әділет департаментінің басшысы болып тағайындалды. 2013-2019 жылдар аралығында Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған. 2019-2022 жылдар аралығында Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.

    Тамара Дүйсенова Тоқаевтың көмекшісі қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.