jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Қанат Шарлапаевты президент көмекшісі қызметінен босатты

    Қанат Шарлапаев
    Қанат Шарлапаев. Фото: baiterek.gov.kz

    Бүгін, 25 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қанат Шарлапаевты қызметінен босатты, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Бисімбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.

    Естеріңізге сала кетейік, Қанат Шарлапаев биыл ақпанның соңында Тоқаевтың экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі атанған еді.

    Сәуірде Шарлапаев тағы бір қызметке кірісті: ол "Бәйтерек" холдингінің директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

    Сондай-ақ Қанат Шарлапаев "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

    Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Қанат Шарлапаев 1981 жылы Ресей Федерациясында дүниеге келген. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Крэнфилд менеджмент мектебін (Ұлыбритания) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, қаржы және басқару магистрі.

    Еңбек жолын 2003 жылы Ресей Федерациясының "Петрокоммерц" банкінің Клиенттерді басқару басқармасының менеджері болып бастаған. 2006-2008 жылдары "Сити" инвестициялық банкінің Лондон (Ұлыбритания), Прага қалаларындағы (Чехия) Қаржы департаментінде маман болып жұмыс істеген. 2008-2014 жылдары "Сити" инвестициялық банкінің (Ұлыбритания) нарықтағы акциялар жұмысы жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті болған.

    2014-2015 жылдар аралығында Ұлыбританияның "Сити" инвестициялық банкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша Стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті лауазымын атқарған. 2015-2017 жылдары Қазақстанның "Ситибанкінде" бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті болған.

    2017-2020 жылдар аралығында Ресей Федерациясының "Сити" инвестициялық банкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті болып жұмыс істеген. 2020 жылы "Сити" инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры лауазымына тағайындалған.

    2022 жылғы ақпаннан бастап "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарған.

    2023 жылдың 4 қыркүйегінде Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалған.

    Тоқаев Қанат Шарлапаевты президент көмекшісі қызметінен босатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.