jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Тоқаев Ақордада кадрлық ауыс-түйіс жасады: Сапиев пен Жамсатов жаңа қызметтерге тағайындалды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Бақытжан Сапиев пен Әлихан Жамсатов Тоқаев жүргізген бірқатар кадрлық ауыс-түйістен кейін Ақордада лауазымды қызметтерге тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

    Айта кетсек, 2023 жылғы қыркүйекте ол Қазақстан президенті әкімшілігі Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалған болатын.

    Сонымен қатар президент өкімімен Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов Қазақстан Республикасы президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды.

    Кадрлық ауыс-түйіс

    Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамара Дүйсенова мен Ернар Баспаевты қызметтерінен босатты.

    Сондай-ақ Күнсұлу Закария енді Тоқаевтың кеңесшісі қызметін атқармайды.

    Сонымен қатар мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Бисімбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.

    Тоқаев Ақордада кадрлық ауыс-түйіс жасады: Сапиев пен Жамсатов жаңа қызметтерге тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.