Кезінде QazVac вакцинасын әзірлеген Күнсұлу Закария енді Тоқаевтың кеңесшісі қызметін атқармайды
Опубликовано:
Читать на русском
Бүгін Күнсұлу Закарья президент өкімімен қызметінен ресми түрде босатылды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, Закария бұл қызметке 2024 жылғы қаңтарда тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының басшысы қызметін атқарған.
2022 жылғы шілдеде мемлекет басшысының елдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында QazBioPharm биофармацевтикалық холдингінің құрылатыны белгілі болды. 2022 жылғы тамызда хабарланғандай, бұл холдингті биология ғылымдарының докторы Күнсұлу Закария басқарды.
Оған дейін Күнсұлу Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің "Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры қызметін атқарған.
Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың хабарлауынша, Күнсұлу Закария COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы отандық QazCovid-in (QazVac) белсендірілмеген вакцинаны әзірлеуші.
Кадрлық ауыс-түйіс
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамара Дүйсенова мен Ернар Баспаевты қызметтерінен босатты.
Сондай-ақ Бақытжан Сапиев пен Әлихан Жамсатов Тоқаев жүргізген бірқатар кадрлық ауыс-түйістен кейін Ақордада лауазымды қызметтерге тағайындалды.
Сонымен қатар мемлекет басшысының жарлығымен Қанат Бисімбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2290464-kunsulu-zakariia-endi-toqaevtyng-kengesshisi-qyzmetin-atqarmaidy/