Тоқаев Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы жарлыққа қол қойды
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Бүгін, 26 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласына арнаулы мәртебе беру туралы жарлыққа қол қойды.
"Алатау қаласына даму қарқыны озық қала деген арнаулы мәртебе (бұдан әрі – арнаулы мәртебе) берілсін", - делінген жарлықта.
Президент жарлығында Алатауда мыналарды құруды тапсырды:
1) кәсіпкерліктің өсіп келе жатқан және жаңа салаларына инвестициялар тарту және әр түрлі қызмет салаларына инновациялар ендіру есебінен Алатау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуді қамтамасыз ететін ерекше институционалдық орта қалыптастыру;
2) Алатау қаласын дамытуға кез келген жекеше инвестицияларды тарту және қорғау үшін сапалық жаңа деңгейдегі институционалдық базаны қамтамасыз ету;
3) Алатау қаласын басқаруда, оның ішінде арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуі жағдайларында жетекші халықаралық тәсілдер мен практикаларды қолдану арнаулы мәртебенің негізгі бағыты мен мазмұны ретінде айқындау.
4) Осы жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңес құру.
Мемлекет басшысы Қазақстан үкіметіне 2025 жылғы 1 қарашаға дейін мыналарды тапсырды:
- Кеңес туралы ережені бекіту;
- жоғары басқару органы Кеңес болатын Alatau City Authority мемлекеттік қоры нысанында заңды тұлға құру бойынша шаралар қабылдау;
Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан президентінің әкімшілігіне жүктелді.
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2290958-toqaev-alatau-qalasyna-arnauly-martebe-beru-turaly-zharlyqqa-qol-qoidy/