jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Семейдің жаңа әкімі қала тұрғындарына үндеу жасады

    Әділет Қожанбаев
    Әділет Қожанбаев. Фото: gov.kz

    Әділет Қожанбаев жаңадан сайланған әкім ретінде алғаш рет семейліктерге үндеу жасады. Бұл туралы қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Қожанбаев атап өткендей, 15 қазанда ол ресми түрде жаңа қызметіне кірісті.

    "Құрметті жерлестер, қадірлі семейліктер! Киелі Семей – Алаштың жері, ұлы тұлғалардың түлеген киелі мекені, ұлт руханиятының, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өркениеттің ордасы. Бүгін, осы киелі мекеннің әкімі ретінде өз қызметіме кірістім. Ендігі мақсатым – ұлы мұраны сақтап, Семейдің дамуы жолында біріге еңбек ету.

    Қадірлі жерлестер! Сіздердің сенімдеріңіз – мен үшін ең үлкен жауапкершілік. Әрбір шешімде халықтың мүддесі, қаланың келешегі басты орында болмақ! Өркендеген, заманауи әрі жайлы Семейді бірге құрайық!", - деп жазды өз үндеуінде Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев.

    Семейдің жаңа әкімі қала тұрғындарына үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.