jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізілді

    Автокөлікке жанармай құю станциясы
    Автокөлікке жанармай құю станциясы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    Премьер-министр президенттің азаматтар мүддесі үшін экономикалық реформалар бағдарламасын жүзеге асыруды ретке келтіру жөніндегі тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Қазақстан үкіметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Кеңеске премьер-министрден бөлек, үкімет мүшелерінің, басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басшылары қатысты. Жиын қорытындысы бойынша бірнеше шешім қабылданды.

    Солардың бірі — бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізу.

    "Биыл 16 қазаннан бастап инфляция деңгейі тұрақтанғанға дейін АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізіледі.

    Премьер-министр Энергетика министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, тиісті қадағалау жүргізуді, сондай-ақ ішкі нарықты ЖЖМ-мен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдауды тапсырды", - делінген үкіметтің ресми хабарламасында.

    Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасын одан әрі көтеруге мораторий енгізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.