jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстанда жеке тұлғаларға жеңіл автокөлік сатып алу бойынша лизинг енгізіледі

    Үстел үстінде жатқан ақша, көлік моделдері мен кілті
    Ақша мен көліктің кілті. Иллюстрациялық фото: Ri luck/Getty Images

    Елімізде жеке тұлғаларға жеңіл автокөлік сатып алу бойынша лизинг тетігі енгізіледі, деп хабарлайды Қазақстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Үкімет мәліметіншек, отандық автоөндірушілер мен екінші деңгейлі банктер халықтың жеңіл автокөлік сатып алуын қаржыландыру бағдарламаларын одан әрі жалғастырады. Ал жеке тұлғаларға лизинг тетігі енгізіледі.

    "Жеке тұлғаларға жеңіл автокөлік сатып алу бойынша лизинг тетігі енгізіледі. Бұл азаматтардың автокөлік сатып алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.

    Одан бөлек "Бәйтерек" холдингіне қысқа мерзімде шағын және орта бизнесті қолдаудың қосымша шаралары бойынша ұсыныстар беру тапсырылды", - делінген үкімет хабарламасында.

    Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет жүргізіп отырған реформалар еліміздің ұзақмерзімді тұрақты экономикалық өсуін қамтамасыз етуге, экономикада базалық нарық қағидаттарын терең орнықтыруға бағытталғанын атап өтті.

    Қазақстанда жеке тұлғаларға жеңіл автокөлік сатып алу бойынша лизинг енгізіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.