jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Антикордың бұрынғы басшысы Асхат Жұмағали жаңа қызметке тағайындалды

    Асхат Жұмағали
    Асхат Жұмағали: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бұрынғы басшысы Жұмағали Асхат Жұмағалиұлы бас прокурордың орынбасары қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Мемлекет басшысының өкімімен Асхат Жұмағалиұлы Жұмағали Қазақстан бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

    Online.zakon сайтының мәліметінше, Асхат Жұмағали 1979 жылы 19 тамызда Қостанай облысы, Арқалық қаласында дүниеге келген.

    Ол Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университетін тәмамдаған.

    2001-2010 жылдар аралығында прокуратура органдарында түрлі лауазымдарды атқарған: Астана қаласы прокуратурасының бас маманы, прокуроры, аға прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасы, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының аға көмекшісі.

    2012 жылдан 2014 жылға дейін Қазақстан Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Тергеу департаменті және Сыбайлас жемқорлық істерін анықтау және алдын алу департаменті төрағасының кеңесшісі, бастығының бірінші орынбасары, Тергеу департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.

    2014-2016 жылдары – Қазақстан бас прокурорының аға көмекшісі.

    2016-2018 жылдар аралығында Қазақстан Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының Ведомствоаралық ғылыми-зерттеу институты директорының орынбасары және директоры қызметтерін атқарған.

    2018-2019 жылдары Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Тергеу департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.

    2019 жылғы қаңтар-шілде – Қазақстан Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.

    2019-2021 жылдары – Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы.

    2021-2022 жылдары – Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сотқа дейінгі тергеу қызметінің басшысы.

    2022 жылғы 7 наурыздан бастап Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

    2023-2025 жылдар аралығында Қазақстан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.

    Антикордың бұрынғы басшысы Асхат Жұмағали жаңа қызметке тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.