jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Азамат Қалдыбеков Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

    Азамат Қалдыбеков
    Азамат Қалдыбеков. Фото: Алматы әкімдігі

    Алматы әкімінің кеңесшісі Ильзат Акчурин қала әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбековтің қызметінен босатылғанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бүгін Telegram желісіндегі "Госархив" арнасында Алматы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбековтің қызметінен босатылғаны туралы ақпарат жарияланды. NUR.KZ тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сауал жолдады.

    Бұл ақпаратты қала әкімінің кеңесшісі Ильзат Акчурин растады. Акчуриннің айтуынша, Азамат Қалдыбеков басқа қызметке ауысуына байланысты лауазымынан босатылған.

    "Ол ішкі саясат, мәдениет, спорт, білім, жастар саясаты және дін басқармаларына жетекшілік етті", - деді Акчурин.

    Естеріңізге сала кетейік, Азамат Қалдыбеков былтыр тамызда қала әкімінің орынбасары болып тағайындалған еді. Оған дейін Алатау ауданының әкімі қызметін атқарған.

    Азамат Қалдыбеков Алматы қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.