jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстанда әртістерге телевизиялық шоулардан басқа жерде фонограммамен ән айтуға тыйым салынуы мүмкін

    Әншілер сахнада ән айтып тұр
    Концерт. Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстандық әртістер тек телебағдарламаға түсу кезінде ғана фонограммамен өнер көрсете алады, деп хабарлайды сенат аппаратының жетекшісі Максим Споткайға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Максим Споткайдың Telegram желісіндегі жазбасына сүйенсек, сенат мәдениет, білім, отбасы және мемлекеттік бақылау туралы заңға түзетулер енгізген. Нақтырақ айтқанда, 200 және одан да көп көрермені бар концерттерде вокалдық фонограммаларды пайдалануға тыйым салу туралы норма нақтыланды.

    "Дауыстық (вокалдық) фонограммаларды тек телевизиялық контент жасау кезінде және концерттер өткізуге келмейтін жерлерде пайдалануға рұқсат етіледі.

    Көрерменді дауыстық (вокалдық) фонограмманы пайдаланатыны туралы хабардар ету міндеті бекітілді, шығармаларды бұқаралық ақпарат құралдарында және онлайн платформаларда пайдалану кезінде автордың аты-жөнін көрсету талаптары нақтыланды", - делінген хабарламада.

    Нәтижесінде заң қайта қарау үшін мәжіліске қайтарылды.

    Қазақстанда әртістерге телевизиялық шоулардан басқа жерде фонограммамен ән айтуға тыйым салынуы мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.