Тоқаев Қазақстанның үш жылдық бюджетіне қатысты заңға қол қойды
Опубликовано:
Читать на русском
Бүгін мемлекет басшысы "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақорда мәліметінше, президент қол қойған "2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының мәтіні баспасөзде жарияланады.
Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев бюджетке қатысты тағы бір заңғ қол қойды
"Мемлекет басшысы "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026 – 2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген Ақорда хабарламасында.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2318001-toqaev-qazaqstannyng-ush-zhyldyq-biudzhetine-qatysty-zangga-qol-qoidy/