jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Қазақстанның үш елдегі жаңа елшілері тағайындалды

    Қайрат Әбдірахманов
    Қайрат Әбдірахманов. Фото: Aliia Raimbekova/Anadolu Agency/Getty Images

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Чехия, Нидерланд және Люксембургтегі елшілерін тағайындайды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

    • Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
    • Ақан Ақасұлы Рахметуллин Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды;
    • Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы өкілдігінің басшысы Роман Юрьевич Василенко Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

    Сондай-ақ мемлекет басшысының жарлығымен Бақыт Амангелдіұлы Дүйсенбаев Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

    Қазақстанның үш елдегі жаңа елшілері тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.