jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Мораторий енгізіледі": Тоқаев цифрландырудың кейбір мәселелері туралы жарлыққа қол қойды

    Қасым-Жомарт Тоқаев
    Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

    Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы цифрландырудың кейбір мәселелері туралы" жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Жарлыққа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech "электрондық үкіметі" ақпараттық-коммуникациялық платформасынан тыс құруға мораторий енгізіледі.

    Үкіметке мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жаңа ақпараттандыру объектілерін QazTech платформасында әзірлеу мүмкін болмаған кезде әрбір нақты жағдайды президент жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның қарауына шығару тапсырылды.

    "Мораторий енгізіледі": Тоқаев цифрландырудың кейбір мәселелері туралы жарлыққа қол қойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.