jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Алатау қаласының арнайы мәртебесін айқындайтын конституциялық заң қабылданбақ

    Алатау қаласының макеті
    Алатау қаласының макеті. Фото: : primeminister.kz

    Ұлттық экономика министрлігі "Ашық НҚА" порталында "Алатау қаласының арнайы мәртебесі туралы" Конституциялық заңының жобасын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ұлттық экономика министрлігінің мәліметіне сүйенсек, конституциялық заңның жобасы тиімді қалалық басқару жүйесін құруға, цифрлық және инновациялық технологияларды енгізуге, заманауи халықаралық стандарттарды қолдануға, сондай-ақ қала құрылысын, әлеуметтік, экологиялық және инвестициялық процестерді реттеуге бағытталған.

    "Сонымен қатар конституциялық заң жобасы арнайы экономикалық аймақты дамытуға, инфрақұрылымды нығайтуға және тұрақты инвестициялық ахуалды қамтамасыз етуге жағдай жасайды.

    Конституциялық заң жобасын қабылдау кешенді әлеуметтік-экономикалық және құқықтық тұрғыда оң әсер береді", - делінген ҰЭМ мәлімдемесінде.

    Министрлік барлық мүдделі тарапты заң жобасының талқысына қатысуға шақырады.

    Заңды қоғамдық талқылау 2026 жылдың 15 қаңтарына дейін жалғасады.

    Алатау қаласының арнайы мәртебесін айқындайтын конституциялық заң қабылданбақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.