Әскери және құқықтық тәртіпті күшейту: Тоқаев қорғаныс министріне нақты міндеттер жүктеді
Опубликовано:
Мемлекет басшысы қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының 2025 жылы атқарған қызметі туралы есепті тыңдады.
Дәурен Қосанов мемлекет басшысына армияның жауынгерлік әзірлігі және Қарулы күштерді дамытудың басымдықтары жөнінде мәлімет берген.
Сондай-ақ цифрлық технологияларды енгізу, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары, қорғаныс инфрақұрылымын жетілдіру шаралары туралы баяндаған.
Бұдан бөлек, президенттің Қарулы күштер сапында тәртіп орнату жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы жайында ақпарат ұсынған.
Кездесу соңында Жоғарғы Бас қолбасшы министрге армияның жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, әскери және құқықтық тәртіпті күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеген.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2330961-toqaev-qorganys-ministri/