Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы жарлыққа қол қойды
Опубликовано:
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны құру туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық мәтіні төменде:
"Конституциялық реформа жөніндегі комиссияны (Конституциялық комиссия) құру туралы
Конституциялық реформа бойынша ұсыныстарды тұжырымдау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Конституциялық реформа жөніндегі комиссия (Конституциялық комиссия) (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Комиссия туралы ереже;
2) Комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі".
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/2334114-toqaev-konstitutsiialyq-reforma-zhonindegi-komissiiany-qura-turaly-zharlyqqa-qol-qoidy/