jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Қазалы ауданында теміржол арқылы өтетін аспалы көпір пайдалануға берілді

    Жаңа аспалы көпірдің ашылуы
    Жаңа аспалы көпірдің ашылуы: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Наурызбай Байқадамов, облыс прокуроры Ризабек Ожаров,зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер Қазалы ауданының Әйтеке би кентіндегі теміржол арқылы өтетін аспалы көпірдің ашылу рәсіміне қатысты.

    Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты құттықтап, жол инфрақұрылымын дамытудағы ауқымды жұмыстарды атап өтті.

    "Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы: "Жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орын алатын еліміздің көлік-транзит саласында зор мүмкіндіктері бар. Бұл – айрықша назар аударуды талап ететін стратегиялық бағыт", – деген болатын.

    Осы мақсатта өңірімізде белсенді жұмыстар атқарылуда. Мемлекет басшымыздың, Үкіметтің ерекше қолдауымен 2022-2025 жылдары 1 600 шақырым автомобиль жолдары мен көшелерді, 30 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуге 150 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінді. Өткен жылдың өзінде жол инфрақұрылымын дамытуға бюджеттен 50 млрд. 605 млн. теңге қаралып, 329 шақырым автомобиль жолдары, көшелер мен көпір өткелдері жөндеуден өтуде.

    Жаңа аспалы көпір
    Жаңа аспалы көпір: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Қазалы вокзалы жанындағы 1,3 млрд теңгеге салынған теміржол үстінен өтетін аспалы көпір – осындай байыпты бастамалардың жалғасы. Бүгін ел игілігіне табысталатын жаяу жүргіншілерге арналған көпірді Әйтеке би кентінің арғы бетінде тұратын 13 мыңнан астам тұрғын қолданады. Бұл өткел арқылы 2 мыңнан астам адам күнделікті әрлі-берлі қатынайды. Сондықтан да жұртшылықтың теміржолдан қауіпсіз әрі тез өтуіне тигізер пайдасы ұшан-теңіз.

    Көпірді сапалы етіп салып, мерзімінде аяқтаған мердігер "ҚазТеміржол Engineering" ЖШС-нің құрылысшыларына алғыс білдіреміз. Қуаныштарыңыз құтты болсын! Жаңа көпір жақсылықтың бастауы болғай!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.

    Жаңа аспалы көпір
    Жаңа аспалы көпір. Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Рәсімде "Құрмет" орденінің иегері, Қазалы ауданының құрметті азаматы Оразғали Бекбанов бата берді. Теміржол саласында еңбек ететін мамандар мен көпір құрылысын салған мердігер мекеме өкілдері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

    Кейінгі жылдары теміржолдан өтетін көлік және жолаушы қозғалысын реттеу мәселесі аспалы көпір салу арқылы шешімін тауып келеді. Халық ұзақ жылдар бойы күткен Арал қаласындағы, Жаңақорған кентіндегі теміржол үстінен өтетін көпірлер пайдалануға берілді.

    Бүгінде 4 млрд. 700 млн. теңгеге облыс орталығындағы Жанқожа батыр көшесі арқылы өтетін теміржол асты автожолы құрылысы қарқынды жүруде. Ендігі кезекте сол жағалауға апаратын екінші көпір салу жобасы қолға алынды. Қазір жоба-сметалық құжаттама әзірленуде.

    Қармақшы ауданының Жосалы кентінде 5 млрд. 515 млн.теңгеге теміржол арқылы өтетін көпір құрылысы жақын уақытта басталады.

    Қазалы ауданында теміржол арқылы өтетін аспалы көпір пайдалануға берілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.