jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Кім вице-президент бола алмайды: саяси алаңдағы жаңа ойыншының құзыреттері мен өкілеттілігі қандай

    Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы
    Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы. Фото: t.me/consot_kz

    Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында еліміздің саяси жүйесіндегі жаңа ойыншы - вице-президенттің құзыреттері мен өкілеттілігі туралы айтылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Конституциялық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

    Отырыста Ержан Жиенбаев вице-президенттің өкілеттігіне қатысты конституциялық өзгерістерге тоқталды.

    "Вице-президентті жалпы депутаттар санының көпшілік дауысымен білдірілген Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындайды.

    Вице-президентті қызметінен Президент босататын болады.

    Вице-Президент:

    – Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастардағы мүдделерін білдіреді;

    – Құрылтаймен, Үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Президенттің атынан өкілдік етеді.

    Сонымен қатар вице-Президент Қазақстан Республикасы президенті атынан Қазақстан Республикасының және шетелдердің қоғамдық-саяси, ғылыми және мәдени-ағартушылық ұйымдарымен қарым-қатынас орнатады.

    Вице-Президенттің өзге де өкілеттері президентпен айқындалады.

    Вице-Президент институтының енгізілуіне байланысты Конституциядан Мемлекеттік кеңесші туралы нормалар алынып тасталады.

    Конституция деңгейінде вице-президентке қойылатын талаптарды көздеу қажет.

    Вице-Президент өкілді органның депутаты болмауға, өзге де ақылы лауазымдарды атқармауға және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмауға тиіс.

    Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде вице-президент саяси партияның мүшесі болмауға тиіс.

    Мұндай тәртіп саяси бәсекелестікті арттыруға және барлық партиялардың дамуы үшін тең жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған ұстанымға сәйкес келеді.

    Кім вице-президент бола алмайды: саяси алаңдағы жаңа ойыншының құзыреттері мен өкілеттілігі қандай

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.